Қазалы ауданында медицина қызметкерлері құрметке бөленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазалы ауданында салтанатты шара өткізіліп, аудандағы бірқатар дәрігерлер қауымы құрмет төрінен көрінді.

Мерейлі мерекеге аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, зиялы қауым өкілдері және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі сахна төріне көтеріліп, абзал жандарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан аудандағы денсаулық сақтау саласындағы оң нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті. Аудан басшысынан кейін, шараға арнайы келіп қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік шарада аудан медицинасының дамуына сүбелі үлес қосып, салада табысты еңбек еткен бірқатар дәрігерлер мен сала ардагерлері түрлі марапатқа ие болды. Атап айтқанда – Қазалы ауданаралық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Медетбаева мен аудандық аурухананың бас мейіркеші Масаты Мұрат «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» құрметті төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», облыс әкімі мен аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Алғыс хаттары» табысталды.

Мерекелік іс-шарада дәрігерлер әріптестеріне деген жүрекжарды тілегін әнмен жеткізсе, ал, аудан өнерпаздары медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап ән шырқап, мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1016694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version