Бұл күн – мемлекеттілігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің мызғымастығын айғақтайды.
Мемлекеттік рәміздер – Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – халқымыздың көпғасырлық тарихын, жеңістерін және бақытты болашақ құруға деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті белгілер. Олар әрбір азаматты өз жауапкершілігін сезінуге, белсенді патриотизмге және Отанымыздың одан әрі гүлденуі жолындағы жасампаз еңбекке шақырады. Рәміздеріміз бізді әрдайым жаңа жетістіктерге жігерлендіре берсін, ал мемлекетіміз бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, нығайып, дами берсін!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау