Қостанайда прокуратура араласқаннан кейін қайырымдылық ұйымының заңсыз қызметі тоқтатылды. 2024 жылы Қостанай прокуратурасы кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.
“Қостанай қайырымдылық мекемесінде” тиісті лицензиясыз білім беру қызметі жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл мекемеде оқыған тәрбиеленушілерге қатысты санитарлық-эпидемиологиялық, өрт-техникалық, еңбек және салық нормаларын елеулі бұзушылықтарға жол берілді.
Осы факті бойынша Қостанай прокуроры Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңды тұлғаны тіркеуді жою туралы талап арыз берді.
2025 жылғы 7 ақпанда Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты “Қостанай қайырымдылық мекемесінің” қызметін тоқтату және тарату туралы шешім шығарды.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында «Арқалық» қайырымдылық мекемесіне қатысты шешім шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/1012070?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау