Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Г.Айшуақованың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына аудандық құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және жауапты сала мамандары қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Алаяқтыққа қарсы күрес проблемалары және оларды шешу жолдары.
2. Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіру.
3. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының профилактикасы бағытында атқарылып жатқан шаралар.
4. Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан 2023–2024 жылдары сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шеңберінде атқарылған жұмыстар.
5. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде 2023–2024 жылдары қаралған депутаттық сұрау салулар мен азаматтардың өтініштерінің нәтижелері.
6. Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан 2023–2024 жылдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде атқарылған іс-шаралар.
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар мен нақты тапсырмалар беріп, құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1016749?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау