Құрметті тұрғындар!
Биыл Құрбан айт мерекесі 6-8 маусым күндері аралығында өтеді.
📌Құрбан айт мейрамын атап өту кезінде құрбандық шалу тек ресми бекітілген орындарда рұқсат етіледі:
🔹Байқоңыр ауданы👇
– «Жайлау» базары (Алаш тас жолы, С 313 көшесі);
– «Шанхай» базары (Алаш тас жолы, 34/6);
– «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10-үй);
– «Шаушен» шаруа қожалығы (Алаш тас жолы, 136Б);
Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, соның ішінде МЖК аумағында мал союға қатаң тыйым салынады. Санитарлық және ветеринарлық талаптарды бұзу ӘҚБтК-ге сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Сондай-ақ биыл онлайн форматта құрбан шалу қарастырылған: арнайы сайт арқылы ➡️ https://qurban.muftyat.kz/#/kk құрбандыққа шалынатын малды таңдап, Kaspi QR арқылы қаражат аударуға болады. Толық ақпаратты 109 байланыс орталығынан біле аласыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1011939?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау