Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы күн — халқымыздың тарихы мен тағдырын, бірлігі мен болашағын айшықтайтын маңызды мереке. Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін және ұлттық рухын бейнелейтін қастерлі құндылықтар.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағына деген сенімнің белгісі. Әрбір қазақстандық үшін бұл күн – өз елін мақтан тұтып, бірлік пен татулықты дәріптейтін сәт.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілеймін!
аудандық мәслихаттың төрағасы
Нұрлан Қойбағаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1011596?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау