Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде. Бұл – Туға, Елтаңбаға және Әнұранға арналған мереке. Аталған рәміздер – халқымыздың тәуелсіздігін, күш-қуатын және бірлігін бейнелейді, әрбір азамат үшін зор мақтаныш нышаны болып табылады.

Осы айтулы күні Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің барлық мекемелерінде мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Жеке құрам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп, Әнұранды орындауға зор мақтанышпен қатысты.

Негізгі шаралардың бірі – Бірінші Президент алаңында өткен кең көлемді іс-шара болды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және ардагерлер қатысты. Шараның құрметті қонағы – облыс әкімі Төреғелиев Нариман Төреғелиұлы патриоттық рухтағы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мен азаматтық бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,  Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді – бұл еліміздің тәуелсіздігінің, мақтаныш пен өркендеуге деген ұмтылыстың символы.

Мұндай іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің, әсіресе жас буынның бойында отансүйгіштік, адалдық және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл күн – тарихи құндылықтарды, мемлекеттің тұтастығы мен ел ішіндегі бейбітшілікті сақтау қажеттігін тағы бір еске салды. 

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне даңқ!  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1011690?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version