Социалистік Еңбек Ері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмабек Дүйісов (1902 жылы Шалқар ауданы № 1 ауылы – 26.09.1976. Шалқар қаласы) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Социалистік Еңбек Ері (1948).

1902 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №1-ші ауылда туған. 1933 – 1936 жылдары Ақтөбе жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1924 – 1930 жылдары ауылдық кеңестің хатшысы, төрағасы, Қосшы одағы Шолақжиде болыстық комитетінің, еңбекшілер депутаттары аудан кенесінің төрағасы, аудан партия комитетінің хатшысы, Шалқар ауданы “Жанақоныс” кеңшары жұмысшылар комитеті төрағасы болды, 1945 – 1950 жылдары Ырғыз ауданының кеңес атқару комитетінің төрағасы болды.

Ленин, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2 – дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, “1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі рет (19471951) депутаты болып сайланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/1016866?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version