2024 жылы Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Енді әрбір препаратта Data Matrix коды болуы тиіс. Осы код арқылы тұтынушылар «Naqty Onim» мобильді қосымшасы арқылы дәрінің түпнұсқалығын бірнеше секунд ішінде тексере алады.
Дәрілік заттардың айналымын бақылау бөлімінің басшысы Е.Е.Сұрағановтың айтуынша, бұл жүйе препараттың өндірушіден бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таңбалау көлеңкелі нарықпен күресте тиімді құрал болып табылады және дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мен сатып алуды жоспарлауға септігін тигізеді.
Таңбалау жүйесінің енгізілуі дәрі-дәрмек айналымының ашықтығын арттырады. Бүгінде облыс бойынша жүйеге 144 субъект қосылған.
Толығырақ МТРК телеарнасының бейнематериалында: https://www.youtube.com/watch?v=Nyxh9yMhPkQ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/1011802?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау