Ұлттық кіріспе кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Жасыл даму” АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай – ақ халықаралық әріптес-RECETOX Стокгольм Конвенциясының өңірлік орталығының (г. Брно, Чехия) 2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласында Hilton Garden Inn қонақ үйінде Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) «Албания, Армения және Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарына шолу және жаңарту» жобасын іске асыру шеңберіндегі Ұлттық кіріспе кеңесін өткізеді.

Жоба Стокгольм Конвенциясының 7-бабының талаптарына сәйкес Ұлттық жоспарды жаңарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауда Қазақстан Республикасын қолдауға бағытталған.

Жоба бүкіл республиканың аумағын қамтитын жаңа деректерді қоса алғанда, Қалдықтар кадастры, оның ішінде ТОЛ бойынша деректерді жаңартуға ықпал ететін болады. Маңызды аспект сонымен қатар полихлорланған және полибромды дифенилдерге ерекше назар аудара отырып, ТОЛ қауіпсіз жұмыс істеу, оларды жинау, сақтау және жою бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу болып табылады.

Міндеттемелерді орындаудың жаңартылған Ұлттық жоспары ТОЛ қалдықтары иелерінің іс-әрекеттерін тиімді үйлестіруге, сондай-ақ ТОЛ халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін мемлекеттік мониторингтеу және бақылау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің) тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарын жаңарту туралы хабардарлығын арттыру үшін үш ұлттық кеңес ұйымдастыру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-natural/press/news/details/1011491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version