ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ЖАС ТҮЛЕК ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ОҚУҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірнеше халықаралық білім грантына ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Білімге деген құлшынысы мен табандылығының арқасында жас талапкер Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды.
Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінен 50% оқу грантына, American University of Paris (Франция) университетінен 70% оқу грантына, LCC International University (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алды.
Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі мен тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық.
Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің Türkiye Bursları халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы American University in Bulgaria, сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
ТУРКЕСТАН: ВЫПУСКНИК ИЗ КЕЛЕСА ПОЛУЧИЛ ПРИГЛАШЕНИЯ НА ОБУЧЕНИЕ ИЗ СТРАН ЕВРОПЫ
Ученик 11 класса школы-гимназии №2 имени Ө.Жәнібекова, подведомственной отделу образования Келесского района, Арманулы Абубакир добился большого успеха, получив несколько международных образовательных грантов от зарубежных вузов.
Благодаря стремлению к знаниям и упорству, молодой абитуриент получил приглашения на обучение от престижных университетов Франции, Италии, Литвы и Малайзии.
В частности, он получил:
50% учебный грант от John Cabot University (Италия, Рим),
70% учебный грант от American University of Paris (Франция),
частичный грант от LCC International University (Литва),
а также полную четырёхлетнюю стипендию от Xiamen University Malaysia.
Это результат многолетней работы ученика и систематической подготовки. Безусловно, большую роль в достижении сыграли поддержка родителей, труд и наставничество учителей. Особенно стоит отметить профессиональную помощь учителя английского языка и классного руководителя Улыкбека Бердалиева.
В настоящее время Арманулы Абубакир также ожидает положительных результатов от международной стипендиальной программы правительства Турции Türkiye Bursları, American University in Bulgaria (Болгария), а также от университетов Южной Кореи.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау