2-6 маусым аралығында Швейцарияда Женева қаласында апаттар қаупін азайту жөніндегі жаһандық платформаның сегізінші сессиясы өтті. 2025 жылғы жаһандық платформаны Швейцария үкіметі БҰҰ Апаттар қаупін азайту басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараға министрлерді, азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларын және әртүрлі мүдделі тараптарды қоса алғанда, 175 елден 4800-ден астам қатысушы қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков қатысты.
Іс-шара барысында БҰҰ Бас Ассамблеясы 2023 жылғы мамырда қабылдаған саяси декларацияда баяндалған ұсыныстарды орындау барысы талқыланды.
Серік Жүнісбеков «Апаттар қаупін азайтуды қаржыландыру» министрлік дөңгелек үстелінде Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар Сендай негіздемелік бағдарламасының ұлттық үйлестірушілерінің кездесуіне қатысып, онда Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыру, оның мониторингі, ағымдағы жай-күйі, басымдықтар, келесі қадамдар бойынша мәселелер талқыланды, ұлттық үйлестірушілердің тәжірибелерімен және пікірлерімен алмасты.
Жоғары деңгейдегі сессиялардан басқа, әртүрлі тақырыптар бойынша сарапшылардың жетекшілігімен оқу зертханалары мен қатар отырыстар өтті. Серік Жүнісбеков тақырыптық сессияларға қатысып, онда «Төтенше жағдайларға тиімді дайындыққа инклюзивті және көп секторлы көзқарас» және «Қолданыстағы және туындайтын тәуекелдерді тиімді басқару үшін құқықтық нормативтік базаны нығайту» тақырыптарында баяндама жасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpchs/press/news/details/1016852?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау