Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті РММ-нің қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Іс-шара аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова баяндама жасады.
Баяндамада, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың туындауының алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/1016684?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау