2025 жылдағы 24-26 мамырда Қостанай облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Комитет төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев, Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, сондай-ақ ғылыми мекемелердің, табиғат қорғау ұйымдарының және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

 

Талқылаудың негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» жолдауы аясында Қазақстан Республикасының орман қорын дамыту және кеңейту болды.

Отырыс Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша практикалық шараларды талқылауға және оның ішінде Қостанай облысының орман шаруашылығы саласын тұрақты дамыту шараларын белгілеуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1004906?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version