2025 жылдың 26 мамырында «Сапалы білім: стратегия, инновация және тәжірибе» тақырыбында III облыстық форум өтті
Форумға әр ауданнан , қаладан келген білім беру саласының үздік мұғалімдері, әдіскерлер, мектеп басшылары мен педагогтар қатысты.
Шараның басты мақсаты – білім сапасын арттырудағы тиімді стратегияларды талқылау, инновациялық тәжірибелерді ортаға салу және озық әдістемелермен бөлісу болды. Форум аясында Семей қаласының білім бөлімінің әдіскерлері : Н.С.Байсарина “Әдіскер жұмысын трансформациялау”, Л.С.Сулейменова “ Smart-методическое сопровождение профессионального роста педагогов”, Л.Т. Абдрахманова “Педагогтің кәсіби дамуы – білім сапасын арттыру құралы”, Г.З.Закирова “Мақсатты мектептерді дамыту: инновация мен тәжірибеге негізделген стратегиялық серпіліс “, тақырыбында облыс әдіскерлеріне өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Білім бөлім
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1004733?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау