Құрметті Ұзынкөл ауданының тұрғындары !
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!
1992 жылғы 4 маусым – халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатын тарихи күн. Осы күні еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бекітіліп, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа бетбұрысы басталды.
Мемлекеттік рәміздер – біздің азаттығымыздың айғағы, халқымыздың рухын көтеретін қасиетті белгілер. Олар – елдігіміздің, тұтастығымыздың символы.
Баршаңызға денсаулық, бақ-береке және Отанымыздың игілігі жолында табысты еңбек тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1011199?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау