5–12 мамыр аралығында Үндістанның Дехрадун қаласында классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Абай облысының атынан сынға түскен Семей қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі, 9-сынып оқушысы Лазарек Денис 53 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екінші мәрте Азия чемпионы атанды.
Чемпионатқа Ресей, Жапония, Филиппин, Сингапур, Қырғызстан, Малайзия, Қазақстан сияқты 7 елден 120-дан астам спортшы қатысты. Халықаралық аламанда Қазақстан туының көкте желбіреуі – ел намысын қорғаған жас спортшылар үшін үлкен мәртебе.
Денисті жарысқа дайындаған жаттықтырушылар – Семей қаласындағы «GOLD KING» спорт кешенінің мамандары Андрей Викторович Алтайбаев пен Марина Васильевна Алтайбаева.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1003855?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау