ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ОЙЫН АВТОМАТТАРЫ АЛЫНЫП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында заңсыз орнатылған ойын автоматтарын жоюға бағытталған кең ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, «хватайка» немесе «сыйлық кран машинасы» деп аталатын ойын автоматтары кәсіпкерлік нысандардың алдына және қоғамдық орындарға, әсіресе мектеп маңындағы аймақтарға заңсыз қойылған.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және аудандық полиция қызметкерлері тарапынан, қазіргі таңда оннан астам ойын автоматы алынды. Бұл қала тұрғындарының, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құмар ойындарының алдын алу мақсатында қолға алынған шаралар.

Соңғы уақытта ойын автоматтарының саны артып, олар көбіне мектепке жақын орналасқан дүкендер мен қоғамдық орындарда пайда болуда. Бұл балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға кедергі келтіріп қана қоймай, оларды ерте жастан құмар ойындарға бейімдеу қаупін төндіреді.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының тарапынан ойын автоматтарын орнатқан кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Заңсыз орнатылған құрылғылардың алып тасталуы талап етіліп, ескерту берілуде. Кейбір жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тарту да қарастырылып отыр.

Қоғамдық орындар мен балалар шоғырланған аумақтарда құмар ойын элементтерін жою – тек билік органдарының емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Әл-Фараби ауданында заңсыз ойын кәсібіне басталған бұл бастамаға қарсы күрес жалғасатын болады. Балаларымыздың қауіпсіз ортасын қалыптастыру – басты мақсатымыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1004900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version