Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл меңгертуге қатысты ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және насихаттау, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу.
Байқауға Тілдерді оқыту орталығының, колледждердің мемлекеттік тіл оқытушылары қатысты.
Байқауды басқарма басшысы Р.Каюпов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үш кезеңнен тұратын байқауда оқытушыларымыз өз білімдері мен біліктіліктерін шыңдап, сабақ үлгілерін көрсетті және сөйлеудің 4 дағдысын үйретуге ұсынған тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері туралы сұрақтарға жауап берді.
Сабақ барысында өзге этнос өкілдерінен тұратын сынама топтағы тіл үйренушілер жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тапсырмаларын орындау кезінде белсенділік танытты.
Оқытушылардың жұмысын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А. Әбілов бастаған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысымен жеңімпаз болып танылған Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Сембиева Гүлбану Ғарифуллақызы тамыз айында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1003779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version