Бүгін Аль-Фараби мектебінде мектеп бітіруші түлектер үшін толқынысқа толы ерекше сәттің куәсі болдым. Мектеппен қоштасу әр адамның өміріндегі ұмытылмас кезең.
Сол сәтте түлектерге жүрекжарды лебізімді білдіріп, қоштасу мен үміттің, сағыныш пен алғыс сезімінің тоғысқан сәтімен құттықтап, білім мен тәртіпте озат шыққан оқушыларды марапаттадым.
Сапалы білім беріп, шәкірт жүрегіне шырақ жаққан аяулы ұстаздарға мың алғыс айтамын.
Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі – бүгінгі түлеп ұшқан талапты түлектер. Ұстаздың тағылымы – ұрпақтың жолсерігі.
Перзентінің әр қадамын тілекпен тосқан, ақ жүрегімен арман арқалаған барлық ата-аналарға да шексіз ризашылығымды білдіремін.
Мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған бүкіл еліміздегі түлектерге ақ жол тілеймін. Алдағы өмірлері жарқын болсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004457?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау