Ағымдағы жылдың 15 мамыр – 31 шілде аралығында Ақтау Халықаралық әуежайының ұшу жолағына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, таңғы сағат 07:00-мен кешкі 21:00 аралығында ұшу және ұшып келу рейстері тоқтатылды.
Осы орайда Ақтау қаласындағы №6 маршруты әуежай аумағына қатынауын уақытша тоқтатады. Яғни соңғы аялдамасы 35 ш/а 23 үй маңында болады.
Сондай-ақ, маусым айында суға түсу маусымының басталуына орай, №6 маршрутының жылы жағажай аумағындағы соңғы аялдамасы “Tree of Life” демалыс орнынан “Алау” демалыс орнына дейін ұзартылатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1004511?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау