Астана және Любляна Словения Президентінің ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Любляна, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекеновтің Словения Президентінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дамьян Бергантпен кездесу барысында, тараптар ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылап, үстіміздегі жылғы 31 наурыз – 1 сәуірде Словения Президенті Наташа Пирц Мусардың Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға өзара ұмтылыстарын растады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын дайындауға және өткізуге, сондай-ақ көлік-логистика, атом энергетикасы, цифрлық технологиялар және фармацевтика өнеркәсібі салаларындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды. Екі тарап инвестициялық ынтымақтастық пен словен компанияларын Қазақстандағы жобаларға тарту саласындағы маңызды перспективаларды атап өтті.

Туризм индустриясы мен мәдени-гуманитарлық бастамалар ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде танылады. Қазақстан ғылым мен білім саласындағы Словениямен байланыстарды жандандыруға дайын екенін білдірді.

Тараптар сенімге, достыққа және өзара сыйластыққа негізделген серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1004813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version