Астананың жедел жәрдем станциясында балаларға арналған қауіпсіздік сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласының жедел жәрдем станциясында ерекше маңызды әрі танымдық шара ұйымдастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша пайдалы ақпарат алып, тәжірибелік сабақтарға қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға 5 пен 13 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысып, симуляциялық оқу орталығында жарақат алу, қан кету, тұншығу, қақалып қалу, велосипедтен құлау сынды шұғыл жағдайларда не істеу керектігін үйренді. Нұсқаушылар арнайы манекендер арқылы нақты мысалдар көрсетіп, балалардың тәжірибе жасауына мүмкіндік берді.

«Шара өте пайдалы әрі мазмұнды өтті. Балаларға бәрін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізген білікті мамандарға алғысым шексіз. Мұндай білім тек бүгін ғана емес, болашақта да қажет боларына сенімдімін. Себебі балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты міндеті», – деді көпбалалы ана Айман Молданазарова.

Динара Көсепова, №4 қалалық емхананың мектепке дейінгі бөлім меңгерушісі:
«Шара барысында жарақаттанған балаға көмек көрсету, қан тоқтату, тұншығып қалған кезде не істеу керектігі жайлы нақты мысалдар көрсетілді. Ең бастысы – балалардың дені сау болып, өмірінде мұндай жағдайлар сирек кездессе екен дейміз», – деп тілек білдірді.

Іс-шараға қатысқан ата-аналар да алғыстарын айтып, мұндай танымдық кездесулерді полиция бөлімдерінде, өрт сөндіру қызметінде де өткізу керектігін айтты.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1004513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version