Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Аудандық мәдениет үйінде Астрахан ауданының денсаулық сақтау жүйесінің өкілдерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, дәрігерлерге жанқиярлық еңбегі, жоғары кәсібилігі және таңдаған ісіне адалдығы үшін ризашылықтарын білдірді. Іс–шараға “AQNIET“ Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Асылхан Сапақбаев қатысушыларды құттықтап, марапаттар табыстады. Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері Казизова Әсемгүл Қабиденқызы ағымдағы жылдың бес айындағы жұмыстың қорытындысын айтып, оң көрсеткіштерді атап өтті. Мерекелік атмосфера ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен толықтырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1017564?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау