Атбасар ауданының прокуроры, аудан әкімі мен аудан кәсіпкерлер палатасының филиал директорының қатысуымен жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мен өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Кездесу қатысушылары өз бастамаларын ортаға салып, кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын проблемалық жайттармен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалып, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1004105?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау