Жыл санап тек аудан орталығында ғана емес, елді мекендерде жолдардың жағдайы жақсарып келеді. Оның ішінде Жаңақорған ауданының тау бөктерінде орналасқан Жаманбай батыр ауылдық округінің тұрғындар үшін жағымды жаңалықтар аз емес.
Аудандық бюджеттен елді мекендегі А.Ержігітов және Қ.Бейсенбиев көшесіне сондай ақ, ауылдық округке қарасты Кеңес елді мекеніндегі К.Жұматаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, бүгінгі таңда бұл жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен қатар, М.Кенебаев және А.Жандаралиев көшесіне толығымен жарық бағаналарын орнатуға қаржы бөлінді.
03 маусым күні аудан әкімі Мажит Самитов және орынбасары Семсер Сыздыковпен бірге осы аталған көшелерді аралап, жолдың құрылысын бақылады. Бірінші кезекте жолдың сапасына көңіл бөлу қажет екенін айтқан аудан басшысы тиянақты жұмыс жасап, уақытында аяқтауды тапсырды.
Одан әрі ауылдық округке қарасты мәдениет, мектеп, балабақша, медициналық ұйымдардағы санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары бойынша аралады.
“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасына барлық мекеме қызметкерлері, ауыл жастары белсене атсалысуы қажет. Жеке кәсіпкерлік нысан иелері өз ғимарат ауласын таза ұстап, қаскелбетін қалыпқа келтіріп, өзіне тиесілі аумақты абаттандыруы тиіс екенін атап өтті.
Аудан басшысы еліміз бойынша жүргізіліп жатқан тазалық акциясы мемлекет басшысының тапсырмасы болғандықтан бұл мәселеге де бей-жәй қарамау қажеттігін ескертіп, тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1011361?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау