БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кеңейтілген жиын өткізілді. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары А.Байболова, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы, білім бөлімінің басшысы А.Ауелбеков, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ата-аналар қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына қатысты құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын үйлестіру болып табылады.

Жиында бөлім басшысы А.Ауелбеков 2024–2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында жасөспірімдерге қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылының көрсеткіштері де өткен оқу жылынан төмен болмайтынын жеткізді. Оқу жылын қорытындылау бойынша негізгі мәселелерді айқындап, мектеп басшыларына тапсырмалар берді.

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, әлімжеттік, төтенше жағдайлардың алдын алу, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы теріс діни ағымдар мен қауіпті сайттарға кіруінің алдын алу, суицид пен зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы профилактикалық жұмыстар аясында атқарылған іс-шаралар таныстырылды.

Жиында қалалық жасөспірімдер полиция бастығы Ж.Ахметов жазғы демалыс уақытында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмаған балалардың көлік құралдарын басқармауын қадағалау, балалардың түнгі мезгілде ата-анасының рұқсатынсыз жүруіне жол бермеу секілді мәселелер бойынша хабарлама жасап, әр баланың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.

Сонымен қатар, жиында сөз алған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы жаз мезгіліндегі суға шомылу қауіпсіздігі мәселесіне ерекше тоқталып, сынып жетекшілерге оқушылар мен ата-аналар арасында суға шомылу ережелері бойынша түсіндіру сабақтарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, суға шомылу тәртібі мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне де назар аудартанын бейне роликтер ұсынды.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары А.Байболова мемлекеттік емтихандардың өз деңгейінде өтуін, білім сапасының жоғары болуын ұстаздарға, ал жазғы демалыста оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға бар күш-жігерді жұмсауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1003954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version