Бибісара Асаубаева — Қазақстан шахмат тарихындағы әйелдер арасындағы екінші гроссмейстер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Sharjah Masters International Chess Championship 2025 халықаралық шахмат турнирі аяқталды.

Турнирге рейтингтері 2453-тен 2771-ге дейінгі 64 гроссмейстер мен 17 халықаралық шебер қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, қытайлық Чжу Цзиньэр(2541) мен үндістандық спортшы Дивья Дешмухтан (2469) басым түсті.

Жалпы қазақстандық шахматшылардың ішінде Эдгар Мамедов, Бибісара Асаубаева және Ринат Жұмабаев 9 мүмкін ұпайдың 5-жинап, тиісінше 24, 28 және 29-орындарды иеленді.

Айта кету керек, биыл 14 жасқа толған Эдгар Мамедов гроссмейстер атағын алу үшін қажетті нормативтерді бұрыннан орындаған еді, бұл жолғы турнирде алдында жинаған қажетті рейтинг көрсеткішінен де асып түсті.

Осылайша, Қазақстан атынан екі жаңа гроссмейстер — Бибісара Асаубаева мен Эдгар Мамедов әлемге атынлуда. Олардың атақтары ФИДЕ Президенттік кеңесінің (2nd FIDE Council 2025) алдағы отырысында ресми бекітіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1004834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version