2025 жылғы 03.06. Департаменттің бас маманы Маржан Жақсалыққызы Серікбаева Петропавл қаласының «№ 28 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында «Орман» шағын ауданында орналасқан мектептің әкімшілігімен лицензия алу мәселесі бойынша кездесу өткізді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығының негізгі тармақтарына назар аударды.
Сондай-ақ, лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қатысты түсініктеме берді. Кездесу барысында әріптестер сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1011248?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау