«Бизнеске жол» жобасы: он мыңдаған жүк тасымалдаушының мәселесі шешілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 3 маусым күні «Бизнеске жол» жобасы аясында «Темір Баба» кеден бекетінде «Қазпошта» АҚ-ның төлем терминалы іске қосылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.С. Дюсембаев, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Балиұлы, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы А.Е. Абдулов, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Н.А. Ахтаев, сондай-ақ кеден бекетінің басшылары мен шекара қызметкерлері қатысты.

Мониторинг барысында қатысушылар «Қазпошта» АҚ-ның кассалық операторы мен төлем терминалының жұмыс тәртібімен танысты.

Айта кету керек, бұл бастама Түрікменстан арқылы өтетін 10 мыңнан астам жүк тасымалдаушының жұмысын жеңілдетіп, делдалдардың негізсіз қызметтерін ұсынып, сенімді теріс пайдалану сынды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

Сапар соңында бірқатар ұсыныстар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.

Мұндай мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/1011288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version