Д.И.МЕНДЕЛЕЕВ АТЫНДАҒЫ №15 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, қатысушыларға патриоттық рух пен ерекше әсер сыйлады.

Салтанатты жиынға Әл-Фараби ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы арнайы қатысып, мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде жас түлектердің болашақ өмір жолында табысты болуларына, ел дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына сенім артты.

Сондай-ақ, мектептің ардақты ұстаздары да  әрбір түлекке шын жүректен ақ жол тілеп, мектеп қабырғасындағы қызықты әрі тәрбиелік мәні зор сәттерді еске алды.

Іс-шара барысында «Мектеп вальсі», «Кілт тапсыру» дәстүрі, «Қоңырау үні» және концерттік бағдарлама ұсынылып, ұстаздар мен ата-аналар үшін есте қаларлық оқиғаға айналды.

Мектеп бітіруші түлектердің өмірлік жолында сәттілік, биік мақсаттар мен жарқын болашақ тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1003941?lang=kk

Exit mobile version