Ерғали Егемберды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ерғали Қуандықұлы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.

Ол еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Сондай-ақ Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Астананың «Сарыарқа» ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.

Соңғы екі жылда ҚР Қаржы министрлігінде аппарат басшысы қызметін атқарды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1004298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version