Кәсіптік бағдарлау – болашақ мамандыққа алғашқы қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің кеңейтілген алқа отырысында Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшыларына мектеп түлектері арасында ерте кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ студенттерді өндірістік тәжірибе барысында практикалық дағдыларға баулу арқылы тәлімгерлік институтын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Аталған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелері жергілікті білім беру басқармаларына және жалпы білім беретін мектептерге ресми хат жолдап, өзара тығыз байланыс орнатты.

Нәтижесінде 11 семинар, 2 ашық есік күні және 1 кең көлемді акция ұйымдастырылып, 9-11 сынып оқушыларына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маңыздылығы, оның қоғам денсаулығын қорғаудағы рөлі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Оқушыларға арналған таныстырылымдар мен бейнероликтер олардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шаралар жайлы 14 ақпараттық материал әлеуметтік желілерде жарияланып, кеңінен таралды. Бұл өз кезегінде санитариялық-эпидемиологиялық салаға деген жастардың қызығушылығын арттырып, болашақта кәсіби кадрлар қатарын толықтыруға мүмкіндік береді.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алдағы уақытта да кәсіби бағдар беру және тәлімгерлік бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1004947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version