Кеңес орта мектебінде – оқу жылының қорытындысына арналған салтанатты жиын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 23 мамыр күні Кеңес орта мектебінде “Мектебім, саған мың алғыс!” атты оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл ерекше шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар, сондай-ақ арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.

Айтулы мерекелік жиында мектеп түлектерін құттықтау үшін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қазақ филологиясы және журналистика факультетінің деканы,  профессоры,  доцент Қадыров Жанбай Тұрарұлы арнайы келіп, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде ол Кеңес орта мектебінің сапалы білім мен тәрбиенің ордасына айналғанын атап өтіп, мектептен түлеп ұшып жатқан түлектерге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жиын барысында республикалық олимпиада жеңімпазы, “Алтын белгі” үміткері Мусина Гаухарға Kozybaev University грантының сертификаты табысталды. Бұл – ауыл мектебі түлегіне берілген зор сенім мен қолдаудың көрінісі.

Шараға қатысқан Шал ақын ауданы білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы да мектептің білім беру сапасына жоғары баға беріп, ұстаздар еңбегіне алғыс білдірді.

Кеңес орта мектебінің биылғы түлеп ұшқалы отырған 10 түлегінің ішінде 2 “Алтын белгіге”, 1 “Үздік аттестатқа” үміткер бар. Бұл – мектеп ұжымының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Салтанатты жиын көңілді ән-күй, жүрекжарды тілектер мен қоштасу сәттерімен есте қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1003923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version