Кентау қаласында ел бірлігін нығайту, этносаралық татулықты насихаттау мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында білімділік пен тапқырлықты шыңдай түсетін интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Білімділер сынға түсетін сайысқа қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, қатысушыларға сәттілік жолдады.
Сайысқа 17 команда тіркеліп, 6 кезең бойынша жарысты. Командалар қала және ауылдардағы түрлі саланың қызметкерлерінен және көршілес Сауран ауданынан бірнеше командалар жасақталды.
Білімділер мен біліктілерді, шапшаң ойлау қабілеті жоғары командалар мен топ мүшелерін анықтау мақсатында әділқазылар қатарында қаламыздың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестік өкілдері мен мәдениет қайраткерлері болды. Нәтижесінде, «Қыран» тобы — 1-орын, «Отбасы» — 2-орын, «Білім Ордасы» — 3-орынды иеленді.
Сайыс соңында қатысушыларға қала әкімінің атынан дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1003948?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау