КЕНТАУЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Бұл додада Кентау қалалық №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:
• Иса Сұңқар — 32 кг салмақ дәрежесінде І орын,
• Жанайдар Махамбет — 38 кг, І орын,
• Жұбатхан Әділ — 55 кг, І орын,
• Бақытжан Мирас — 26 кг, ІІ орын,
• Ерімбет Рауан — 66 кг, ІІІ орын иеленді.

Командалық есеп бойынша Кентау дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңістер спорт мектебі жаттықтырушылары Иса Бағдат, Анетов Асхат және Набиханов Дәулеттің табанды еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1003944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version