Кентау қаласы Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы базасында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен өткен «Zerdeli Quiz» зияткерлік сайысы өткен. Сайыста қалалық кезеңінде А.С. Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 9–10 сынып оқушыларынан құралған «Пушкин» командасы «Бас жүлдені» жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алған.
Облыстық кезең 21 мамырда Шымкент қаласында өткізілді. Бұл білім бәсекесіне Түркістан облысының әр ауданынан 15 үздік команда қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау екі кезеңнен – іріктеу және финалдық сыннан тұрды.
А.С. Пушкин атындағы №6 мектептің «Пушкин» командасы байсалдылық пен білімге деген құштарлықтарын көрсетіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін «БАС ЖҮЛДЕМЕН» марапатталды. Одан бөлек, халықаралық деңгейдегі Дубай мемлекетіне білім сапарына жолдама жеңіп алды.
Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен терең білімінің, ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1005007?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау