Көкшетауда Қопа көлінде жаңартылған жағалау салтанатты түрде ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1-маусым күні Көкшетау қаласында үлкен-кішінің басын қосқан Қопа көлінің жағасында көптен күткен жаңартылған Жағалаудың салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа Жағалау заманауи демалыс аймағына айналды: мұнда воркаутқа арналған спорт алаңдары, шағын-футбол алаңы, жазғы сахна және сауда бутиктері пайда болды. Келушілердің ерекше назарын  аудартқан  нысан — қаладағы алғашқы 9 шақырымдық  веложолақ.

Веложолдың ашылуына орай жаппай велошеру ұйымдастырылды. Оған Ақмола облысының әкімі Мұрат Ахметжанов бастап шыққан қатысушылар «Северная» жанармай бекетінен бастап, Қопа көліне дейін жүріп өтті. Дәл сол жерде қатысушыларды көл жағасында қала тұрғындары қолдауларын білдіріп, жылы қошеметпен қарсы алды.

Жағалауда өткен мерекелік шаралар аясында жәрмеңке, балалар мультфильмдерінің кейіпкерлері қатысқан карнавал, батпырауық ұшыру және «Гормолзавод» ЖШС-нің тегін балмұздақ тарату акциясы ұйымдастырылды. Балалар мен ересектер үшін түрлі ойындар, байқаулар өткізілді. Экстримді ұнататын велосипедшілер үшін арнайы памп-трек алаңы іске қосылды.

«Достар» мәдениет сарайының әртістері келген қонақтарға ән мен биден шашу шашты. Кешке танымал қазақстандық әншілер Sadraddin мен Дастан Оразбековтің қатысуымен ашық аспан астында би кеші өтті. Бұл жарқын күннің соңғы нүктесі — Қопа көлінің үстінде атылған керемет от шашу жарқырап, көлдің бетінде бейнеленіп,  кештің одан әрі сұлулығын келтірді.

Жағалаудың ашылуы қаламыздың мәдени және әлеуметтік өміріндегі маңызды оқиғасына айналды. Ал жаңа инфрақұрылым — жайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы кезекті қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1011301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version