МӘДЕНИЛІКТЕР ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени елді мекенінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік тұрақты түрде өткізілуде.
Елді мекен халқы аптаның жексенбі күндерін тазалық шарасына арнап, бұл күні еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін таңмен таласа тұрып өз аулаларын, көше бойларын күл -қоқыстан тазартады.
Ауылдағы 8 көшедегі 236 үйден 500 ге жуық тұрғындар сенбілікке қатысып, оның барысында саябақ, сквер, мешіт маңы, көше бойлары, қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ағаштар бұталып, шөптер орылды. Жол бойындағы ағаштар әктеліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Ауыл тумасы, кәсіпкер Батырбек Көшербай бастаған сенбілікке қатысушылардың айтуынша, бұл шаралар тек қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты да нығайта түседі. Ауыл жастарының белсенділігі мен үлкендердің үлгі көрсетуі сенбіліктің нәтижелілігін арттыруда. Сонымен қатар, мұндай игі істер арқылы балалар мен жасөспірімдердің табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қамқорлық сезімі қалыптасуда.
Сенбілікке қатысушылар тазалық жұмыстарынан кейін арнайы қазанға ыстық тағам дайындап, бірлігі мен ынтымағының үлгісін көрсете отырып, үлкен дастарханда бас қосты. Дәстүрге айналған жиынды әр көше кезегімен ұйымдастырып, татулықтың туын көтеріп келеді.
Экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және әрбір азаматты табиғатқа жанашыр болуға шақыруға арналған іс-шарада жиналған қоқыс 7 техниканың көмегімен арнайы орынға жеткізілді.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1004162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version