Мәлік Отарбаев Ақтөбе облысында Президент қойған міндеттердің орындалу барысына оң баға берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбеге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың екі күндік жұмыс сапарымен келді. 

Сапар аясында ол облыс активі, жастар, мұғалімдер және зиялы қауым өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Мақсат — Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда жүктеген тапсырмаларын өңірде іске асыру барысымен танысу және ел дамуындағы басты мәселелер жөнінде пікір алмасу.

Алдымен кеңесшінің облыс активімен кездесуінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысы, жол және инфрақұрылым сапасы, энергетика мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Асхат Шахаров аймақтағы жұмыстар Президент тапсырмаларына сай жүзеге асып жатқанын айтты. Биыл өңірде 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу, 11 медициналық нысан ашу, 10 ауылға ауызсу жеткізу, 24 ауылды газдандыру жоспарланған. Энергетика саласындағы 450 МВт қуаттылықтағы жобалар арқылы энергия тапшылығы шешілмек.

Мәлік Отарбаев өңірдегі кездесулерінде әділеттілік пен заң үстемдігін орнатудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Президент тапсырмаларының басты өзегі — заң мен тәртіпке бағыну мәдениетін қалыптастыру. Ол ұлттық әдебиеттің және газет-журнал оқу мәдениетінің төмендеп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, жастарды ұлттық рухани құндылықтарға ден қоюға шақырды.

«Мәңгілік ел» залында өткен жастармен кездесуде жастар саясаты, жұмыспен қамту, бизнес бастамалар, волонтерлік пен тәрбие жобалары таныстырылды. Кеңесші жастарды белсенді болуға, ұлттық әдебиеттен мотивация алуға үндеді.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің тапсырмасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген №82 мектепке барды, айтып өтерлігі, өңірде осындай 11 «Жайлы мектеп» салынып жатыр. Білім саласының мамандарымен кездескен Мәлік Отарбаев ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру, дуалды оқыту, әділеттілікке тәрбиелеу, қоғамдық мәдениетті дамыту мәселелерін қозғады.

Сапар қорытындысында кеңесші Ақтөбеде Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып жатқанын алға тартты. Облыс әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1003796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version