Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы – Сәрсембаев Марат Мұқанұлын құттықтайды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марат Мұқанұлы 1947 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысының Шет ауданында, Ақадыр кентінде дүниеге келген. 1967 – 1973жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында “санитария дәрігері” факультетінде оқыған.
1973 жылдан 2001 жылға дейін Қарағанды облысының Шет ауданының Ақадыр кентінде санэпидстанцияда бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып жұмыс істеді. Жалпы жұмыс өтілі 30 жылдан асады.

Құрметті Марат Мұқанұлы, осы мерекеде қарсаңында Сізге сарқылмас қуат пен зор денсаулық тілейміз. Сіздің өміріңіз қуанышты сәттер мен жарқын әсерлерге толы болсын! Көңіліңіз қартаймасын, құт-береке ешқашан ортаймасын. Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1011285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version