Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Айтымбетова Лязат Қанибайқызы тағайындалды.
Айтымбетова Лязат Қанибайқызы – 1974 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтында “Провизор”, Орталық Азия университетінде “Қаржы және несие” мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қалалық презентханасында дәріхана провизоры ретінде бастаған. 14.08.2002 жылы Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлімінң бас маманы болып тағайындалып, ал 03.09.2008 жылы Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау департаментінің бас маманы болып жұмыс атқарды. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы болып 11.04.2016 жылға дейін қызмет атқарды. 11.04.2016 жылы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 09.09.2019 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелердің мониторингілеу бөлімінің бас сарапшысы болып орналасты. 13.07.2023-20.10.2024 жылдары «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының» ММ Мемлекеттік көрсетілген қызметтер әне дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып, 21.10.2024-02.06.2025 жылдары ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті фармацевтикалық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы қызметін аброймен еңбек етті.
Айтымбетова Лязат Қанибайқызы – денсаулық сақтау және фармацевтика саласында мол тәжірибесі бар, басқарушылық және кәсіби біліктілігі жоғары, өз ісінің үздігі. Айтымбетова Лязат Қанибайқызына абыройлы қызметінде толағай табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1011357?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау