Марина Манатовна Кабдыкалыкова, 1965 жылы 07 қаңтарында, Павлодар облысының, Май ауданының, Қызыл Қурама ауылында туған.
Марина Манатовна әділет органдарында еңбек жолын Павлодар облысы Әділет басқармасының маманы ретінде 1999 жылы бастап 2002 жылға дейін қызмет етті. 2007 жылдаң 2008 жылға дейін Павлодар облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша бухгалтер маманы ретінде қызмет атқарды. 2008 жылдаң 2014 жылға дейін Павлодар облысы Әділет департаментінің бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті. 2014 жылдың 31 қаңтарынан Павлодар облысы Әділет департаментінің бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің басшысы ретінде қызмет етті.
2014 жылдың 28 қарашасынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысының Әділет департаментінің қаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.
Әділет органдарындағы жұмыс өтілі – 21 жылды құрайды.
М.М. Кабдыкалыкова өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамотасымен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Өзінің жұмыс істеген кезеңінде өзіне жүктелген міндеттерді сауатты және аса жауапкершілікпен орындаушы ретінде көрсете алды. Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін жоғарлатады және кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Өзінің қызметтік саласында сауатты әрі жұмысты дұрыс ұйымдастырып, нақты білетін жауапкершілікпен жұмыс жасағанын көрсете біледі. Әрқашанда сыпайы және байсалды қатынас жасайды. Ұжым ішіндегі мамандар арасында сыйластықпен араласады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1004516?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау