Мемлекеттік рәміздер — ұлттық бірлік пен патриотизмнің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ерекше түрде аталып өтті. Бұл күні департамент қызметкерлері Мемлекеттік әңұранды өз балаларымен бірге шырқап, Отанға деген терең мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімдерін шын жүректен жеткізді.

Бұл рәміздік әрі әсерлі орындау ұрпақтарды біріктірді: заңға қызмет етуді таңдаған ересектер мен өмір жолын енді ғана бастаған балалар қатар тұрып, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін білдірді.

Бұл сәттерде жай ғана әңұранның сөздері емес — отбасының үні, жауапкершілік пен күштің, болашақтың үні естілді. Өйткені нағыз патриотизм қарапайым, бірақ шынайы әрекеттерден, ата-ананың өз баласына көрсеткен үлгісінен басталады.

Департамент патриоттық тәрбие дәстүрлерін жалғастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті Қазақстан халқының тарихы, тәуелсіздігі мен бірлігінің тірі көрінісі ретінде қалыптастырып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1011352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version