С. Сейфуллин атындағы саябақта Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында спорттық мереке өтті. Түрксіб ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырған шараға 200-ден астам қарт тұрғын қатысты.
Қатысушылар келесі спорт түрлері бойынша сайысқа түсті:
– скандинавиялық жүріс
– үстел теннисі
– ұлттық ойын «Асық ату»
Аға буын өкілдері өздерінің физикалық дайындығын, командалық рухын көрсетті.
Мерекеге шығармашылық құттықтаулар, әндер мен жеңімпаздарға арналған естелік сыйлықтар ерекше сән берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1004269?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау