Облыстық байқауда “Орта білім беретін үздік ұйым” грантын ауданымыздағы білім беру ұйымы “М.Әуезов Атындағы Ақжар Мектеп-интернат-колледжі жүлделі ІІІ ОРЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сүйінші! Облыстық байқауда “Орта білім беретін үздік ұйым” грантын ауданымыздағы білім беру ұйымы “М.Әуезов Атындағы Ақжар Мектеп-интернат-колледжі жүлделі ІІІ ОРЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.
“Орта білім беретін үздік ұйым” грантын беру конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізілді.
Облыстық конкурс комиссиясының шешімі негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым – 2025» грантының жеңімпаздары анықталды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 4 білім беру мекемелері аталды. Аталған ұйым басшыларына «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломы және сертификат тапсырылады.
2025 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантының иегері болып ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ (286 балл) – 141 ЕТЖ (12 млн.т.) марапатталды.
Жарайсыздар! Білім беру ұйымын басшысын және ұжым мүшелерін марапаттарымен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1011240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version