Омбудсмен некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеуге бағытталған түзетулердің жедел қабылдануын қолдайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі екінші оқылымда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады.

Заң жобасы аясында некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін жеке бап (Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы) енгізіледі. Сонымен қатар, жәбірленушіні өз еркімен босатқан жағдайда да, адам ұрлаған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жол берілмейді.

2023 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қыз алып қашу арқылы мәжбүрлеп некеге тарту бойынша жауапкершілікті белгілеу бастамасын көтерген болатын.

«Некеге мәжбүрлеп тұрғызу мақсатында адам ұрлау – оның іргелі құқықтарының өрескел бұзылуы. Заңнамада мұндай әрекеттердің жол берілмейтіні нақты көрсетіліп, кінәлілердің жазасыз қалмауы қамтамасыз етілуі тиіс. Парламент депутаттарының бұл мәселеге назар аударғанын құптаймыз және адам құқықтарын қорғау ісінде түрлі институттардың күш біріктіруі маңызды деп санаймыз. Тек бірлескен әрекеттер арқылы ғана жүйелі өзгерістерге қол жеткізіп, елімізде адам құқықтарын лайықты деңгейде қорғауға болады», – деп атап өтті Артур Ластаев.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Парламенті депутаттарының азаматтардың құқықтарын қорғауға және болашақта мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған Қылмыстық кодекске қажетті өзгерістерді жедел қабылдау бастамасын қолдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1011359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version