Полицияның учаскелік инспекторы жасөспіріммен болған оқыс жағдайдың алдын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында полицияның учаскелік инспекторының жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында жасөспіріммен байланысты қауіпті жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Жас жігіт бесқабатты үйдің төбесіне шығып, аудан орталығының кешкі жарықтарына қарап тұрған.

23 мамыр күні кешке Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөліміне Ленин көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдің төбесінде жасөспірімнің жүргені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу учаскелік инспектор, полиция капитаны Руслан Қоянбаев барды. Ол алдымен төменнен сөйлесіп, кейін төбеге көтеріліп, жасөспіріммен сенімді қарым-қатынас орната алды. Осылайша ол баланың ойланбай әрекет ету қаупін сейілтті.

Полиция капитаны Қоянбаев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мадияр Харипов баланы аман-есен жерге түсіріп, оқиғаның қайғылы аяқталуына жол бермеді.

Белгілі болғандай, жасөспірім биыл 16 жасқа толады және 9-сыныпты жаңа ғана аяқтаған. Оның айтуынша, сол кеште велосипедпен серуендеп жүріп, үйдің төбесіне шығып, «өмір туралы ойланғысы келген».

Бұл жағдай – кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың сергектігі мен полиция капитаны Руслан Қоянбаевтың жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесінде жасөспірімнің өмірі мен денсаулығы сақталғанының жарқын мысалы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1003798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version