Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Бейнеу және Қарақия аудандық пробация қызметтері есепте тұрған тұлғалардың денсаулығына жіті мән беріп, әлеуметтік-медициналық қолдау көрсету бағытында маңызды профилактикалық шара өткізді.
Шара аясында пробацияда тіркеуде тұрған 60-қа жуық сотталған флюорографиялық тексеруден өтті. Медициналық қызмет көрсетуді Бейнеу аудандық және Жетібай аудандық орталық ауруханаларының мамандары жүргізді.
Флюорографиялық тексерудің басты мақсаты — туберкулез және тыныс алу жолдарының өзге де қауіпті ауруларын ерте кезеңде анықтау.
Тексеру нәтижесінде азаматтардың өкпе құрылымында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.
Аталған іс-шара — пробация қызметінің тек қадағалау ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмысының айқын көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1004680?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау