Ағымдағы жылдың 23 мамырында Биржан сал ауданының прокуроры Құлышев А.К. Степняк қаласындағы №1 орта мектебінің бітіруші түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасына қатысты.
11-сынып түлектері үшін бұл күн балалық шақпен, алғашқы ұстаздарымен және мектептегі достарымен қоштасу күні ретінде ерекше есте қалды.
Салтанатты жиын барысында аудан прокуроры «Алтын белгі» төсбелгісі үміткерлерлеріне Құрмет грамоталарын табыстады.
Өз сөзінде қадағалау органы басшысы түлектерге мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ-ны сәтті тапсыруды тілеп, өмірлік жол мен мамандықты дұрыс таңдауға, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.
Осы күні, маусым айында өтетін «Заң және Тәртіп» апталығы аясында аудан прокуроры «Жас Ұрпақ» жастар қозғалысының мүшелері – 9 және 11-сынып түлектері және олардың ата-аналарымен сынып сағаттарын өткізді.
Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, қазіргі заманғы қауіпте, есірткі тарату, лудомания және интернет-алаяқтық туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мектеп бітіру кештері кезінде тәртіп пен тәртіптілікті , жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ алдағы демалыс кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.
Іс-шара соңында естелік суреттер түсірілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1004108?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау